«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАТАРЛАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында курсанттар қатарына қабылдауға арналған салтанатты шара өтті. Әскери институттың табалдырығын аттаған курсанттар үшін маңызды сәтті ата-аналары да тамашалады.

Аталған жоғары оқу орны құрылғалы 2900-ден астам офицер даярлап, оларды Отан үшін отқа түсетін елжанды азаматтардың сапына қосты. Өткен оқу жылында 170 жас офицерге диплом табысталса, биыл әскери институтта оқитындардың қатары 191 курсантпен толықты. Олардың 20-сы – әскери білім алу үшін Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген жастар.

Қалыптасқан дәстүр бойынша курсанттар алдымен ант қабылдады. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Тұрмұхаммед Болысбек әскери қызметкер болуды бала күнінен армандапты. “Ендігі мақсатым – Отан алдындағы борышымды абыроймен атқарып, өзімнің таңдаған мамандығымды жақсы игеріп, офицер атына кір келтірмеу”,– дейді жас курсант.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхамедқали Сатовтың айтуынша, биыл әскери институтта оқуға тілек білдіргендердің қатары қалың болып, бір орынға 3-4 талапкер бақ сынаған екен.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp