«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қатарынан екінші жеңіліс

Футболдан Премьер-лига коман­да­лары 13-ші тур ойындарын өткізді. “Qyzyljar” клубы өз алаңында “Атырау” командасын қабылдады. Өткен турда петропавлдықтар Қостанайда “Тобыл” командасынан 0:2 есебі­мен жеңіліп, турнир кестесінде бір сатыға төмендеген болатын. Сондықтан қызылжарлық жанкүйерлер жергілікті аяқдопшылардан жеңіс күткен еді. Бірінші тайм нәтижесіз болды. Қос команда ойыншылары есеп ашуға тырысқанымен шабуылдар сәтсіз аяқталып жатты.

Ойынның екінші бөлігі де сылбыр басталды. Шабуылдардың бірінде Шота Григалашвили ала допты атыраулықтардың қақпасына дәл бағыттаған. Өкінішке қарай, төреші футболшы ойыннан тыс қалды деп, бұл доп­ты есепке алмады. Көп ұзамай жерлестеріміздің айып алаңына бұрыштамадан әуелеп келген допты атыраулық Виктор Дмитренко қақпаға тура бағытады. Есеп – 0:1. 86-шы минутта тіркелген осы есеп кездесу соңына дейін өзгерген жоқ.

Қатарынан екінші рет жеңіліс тапқан солтүстікқазақстандықтар 17 ұпай­мен турнир кестесінде 8-ші орынға сырғыды. Келесі турда жерлестеріміз өз алаңында “Тараз” клубын қабылдайды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp