«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП

Өңірде сүт безі қатерлі ісігімен ауратындардың саны 27 пайызға артқан. Бұл туралы аталмыш дертпен күрес айлығы аясында облыстық онкологиялық диспансерде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Дертті ерте кезеңде анықтауға жаңадан алынған заманауи қондырғылардың көмегі зор.

– Жыл басынан сүт безі қатерлі ісігімен ауыратындар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 29 мың адамға жетті. Былтыр 152 нәзік жанда дерт анықталса, биыл 161 адамды есепке алдық. Жуырда диспансерге цифрлық томография әкелінді. Аталмыш қондырғының айырмашылығы – ол тек скрининг жасап қана қоймай, аурудың бетін қайтаруға да көмектеседі, – деді облыстық онкологиялық диспансер бас дәрігерінің орынбасары Олег Дудяк.
Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін әйелдерге жүйелі түрде тексеруден өтуге кеңес берді. Нәтижесінде ауру ерте кезеңде анықталып, ем дом нәтижелі болады. Отырысқа №2 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Руслан Нұркеев те қатысып, медициналық мекемеде обырмен күрес күшейтіліп, қатерлі ісіктің бірнеше түрі бойынша скринингтік тексеру жүргізілетінін жеткізді.
Онкологиялық диспансерде мамандар 26 қазан күні таңғы 9-дан түске дейін өңір тұрғындарын қабылдайтынын айтып өткен жөн. Ашық есік күні тұрғындар дәрігерлермен кездесіп, толғандырған сауалдарын қоя алады.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp