«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында күндіз және түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде -2 градусқа дейін қатқақ болады деп күтілуде.
Петропавл қаласында 20 мамыр күні күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қам жасауды ұсынады.
СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.