«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖЕҢІЛ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік – мемлекеттік маңызға ие мәселелердің бірі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік дегеніміз кәсіпорынның адамзат пен табиғатқа теріс әсер етпеуін қадағалау, қорғау дегенді білдіреді. Соңғы жылдары кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне басымдық берілуде. Алайда, бұған қажетті деңгейде назар аудармай жүргендер де баршылық.

Біздің департаменттің қызметі қауіпті өндіріс орындарында ең­бек ететін адамдардың қазасына және денсаулықтарының зақым­дануы­на жол бермеуге, түрлі тө­тенше жайттың алдын алуға ба­ғыт­тал­ған. Бүгінгі таңда құралжаб­дықтар­дың тозуы, өндіріс ба­рысында тәртіптің сақталмауы, бі­лікті ма­ман­дардың жетіспеушілігі, қызметкер­лерді даярлайтын орта­лықтардың болмауы, кәсіпорын­дардағы қар­жылық тұрақсыздық тәуекел фак­торлары болып табы­лады.
“Азаматтық қорғаныс туралы” Заңда көрсетілген ережелерге сәй­кес қауіпті деп танылатын өнеркә­сіп нысандары жетерлік. Әсіресе, қа­уіпті техникалық құрал-жабдықтары бар нысандарды жіті қадаға­лау талап етіледі. Өңір аумағында назарға жиі ілігетін нысандардың қатарына ет және сүт өнімдерін өндірумен айналысатындар, мұ­най базалары мен көліктерді жа­нар-жағармаймен қамтамасыз ете­тіндер, мұнай тарату құбыр торап­тары, ұн үгетін комбинаттар, эле­ваторлар мен астық қабылдайтын кәсіпорындар, жүк көтеретін ме­ханизмдерді қолданатын ұйым­дар­ды жатқызуға болады. Мәсе­лен, газ саласында да өнеркәсіп­тік қауіпсіздік жағдайын тұрақты деп атауға әлі ерте. Бүгіндері жоғары қысыммен жұмыс істейтін газ құ­бырларының басым бөлігінің то­зығы жеткен. Соңғы жылдары бұл құбырлар жаңасына ауысты­ры­­лу­да. Дегенмен, қолға алынған жұ­мыстар жеткіліксіз. Сондықтан кә­сіпорын басшылығы талаптарға сәй­кес газ құбырларына уақтылы тек­серулер мен техникалық куә­лан­дыру­ды қамтамасыз етуі қа­жет. Сонда ғана тозығы жеткен өн­дірістік құрал-жабдықтар мен тех­никалық құрылғылардың санын азайтып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады.
Апаттық жағдайларға “адами фак­тордың” да әсері бар. Қауіпті өндірістік нысандарда жұмыс іс­тей­тін мамандар қайта даярлаудан өтіп, біліктіліктерін арт­тырулары тиіс. Нәтижесінде жұ­мыс­шылар жоғары оқу орында­рын­да алған білімдерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болады. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл салада маман тапшылығы сезілуде. Кә­сіпорындардағы арнайы білімі жоқ, тек оқу орталықтарында білім алғандар жалпы жұмысшылар­дың 40 пайызын құрайды.
Өндірістегі апаттар мен жара­қат­тар көп жағдайда қауіпсіздік талаптарын білмейтін жұмысшы­лар­дың кінәсінен орын алады. “Азаматтық қорғау туралы” Заңға сәйкес зауыт пен фабрика бас­шылығы мұндай оқиғалардың ал­дын алу бойынша кешенді шара­ларды жүзеге асыруға міндетті. Әдетте өндіріс басшылығына өн­ді­ріс­тік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға нұсқама бе­ріледі. Кейін өндіріс орнында ба­қылау туралы нормативтік акті әзір­ленеді. Бұл құжат қауіпті жерде жұмыс істейтін қызметкерлер­дің құқықтары мен міндеттерін қам­ти­ды. Өкінішке қарай, көптеген кә­сіп­орындарда бұл талаптар өз дең­гейінде орындалып жатқан жоқ. Нұсқамаларға немқұрайды қара­ған кәсіпорындарда жазатайым оқи­ғалар тіркеліп жатады. Бұл ба­қылау-қадағалау органы жүргізе­тін жоспарлы тексерулер бары­сын­да белгілі болған кемшіліктер­дің уақытында түзетілмеуінің сал­дары.


Арман БӘСЕНОВ,
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің бас маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp