Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері Шал ақын ауданындағы “Аютас” жазғы сауықтыру лагерінде болды. Олар жазғы демалыстарын өткізіп жатқан балаларға “Оттан қалай сақтануға болады?” тақырыбына арналған ойын түріндегі шаралар өткізді. Оқушылар өртсөндірушілердің өткізген конкурстары мен викториналық ойындарына белсене қатысып, өрт-техникалық қару-жарақтарымен танысты. Мамандар оқушыларға әр техниканың төтенше жағдай кезінде қандай қызмет атқаратыны жайлы баяндап, тілсіз жауды ауыздықтау барысындағы мүмкіншіліктерін көрсетті. Бағдарлама толығымен өртке қарсы әрекет ережелерін және суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін түсіндіруге бағытталды. Әркімге өмірді сүюдің және оны сақтаудың маңызы іс жүзінде көрсетілді.
Марал ЖОЛМҰҚАНОВ,
Шал ақын ауданындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.