Қызылжар өңірінде жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы өтіп жатыр.
Оның алғашқы күнінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 500-ден астам фактісін тіркеген. Ал 14 тұрғын машинаны мас күйінде жүргізген. Апталық барысында тәртіп бұзушыларды анықтаумен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға баса назар аударылып, түрлі мазмұндағы парақшалар, кітапшалар таратылуда.