«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Тәжікстанның Худжанд қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы болып өтті. Оған қазақстандық делегацияны Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастап барды. Отырыста осы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа халықаралық қауіпсіздіктің неғұрлым өткір проблемалары мен ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қауіп-қатерлердің алдын алу жөніндегі шаралары туралы баяндама жасады. Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі барысында Ауғанстандағы жағдайдың ҰҚШҰ жауапкершілігіндегі өңірге тигізетін әсері, лаңкестік ұйымдардың өз қатарына еріктілерді тарту әрекеттеріне қарсы тұру шаралары туралы, сондай-ақ, ҰҚШҰ-ның базалық оқу орындары, ұйымдары мен полигондарының қызметіне қатысты мәселелерді талқылады, – деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp