«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Петропавлда темір жол вокзалында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Таза вокзал” кең ауқымды акциясы өтуде.  

Бұл аумақтағы қоғамдық тәртіпті сақтау ювеналды полиция қызметкерлеріне жүктелген. Олар акция барысында қауіпсіздік шараларын күшейтті. Жолаушылардың жүгін “РапиСкан” құрылғысынан өткізіп, құжаттарын тексерді. Петропавл станциясы желілік ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Ұлжан Жорақұлованың айтуынша, шара барысында өңіріміздің Ақмола облысына дейінгі аумағы бақылауға алынатын болады.

Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp