«Global Finance» журналы ең қауіпсіз елдердің рейтингін жасады.
Оған қатысқан 128 мемлекеттің арасынан Қазақстан 44-ші орынға шықты. Бұл ретте, тұрғындардың жеке қауіпсіздігі, экономикалық даму, әскери қақтығыстардың, табиғи апаттардың орын алу мүмкіндігі сияқты негізгі факторлар есепке алынды. Осыған сәйкес Исландия мемлекеті ең қауіпсіз ел деп танылған. Алғашқы ондықта Швейцария, Финляндия, Португалия, Австрия, Норвегия, Катар, Сингапур, Дания және Жаңа Зеландия елдері орналасқан.