«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” БАСТАЛДЫ

Өңірімізде қазанның 21-і мен 27-сі аралығында “Қаупісіз жол” жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Оның алғашқы күнінде-ақ жолда жүру ережесін бұзудың 332 дерегі анықталды. Оның 53-інде белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған кезде жолды кесіп өткен жаяу жүргіншілер кінәлі. Сондай-ақ, кейбір көлік жүргізушілері жолда телефонмен сөйлескені және қауіпсіздік белбеуін тақпайтындығы белгілі болды. Мас күйінде рульге отырған 15 адам ұсталды. 5 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Соңғы кезде ауа райы бұзылып, күннің суытқанына орай жолдарда көктайғақ пайда болуы себепті ең қауіпті жол учаскелерінде автопатруль күшейтілді. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов автокөлік иелерін темір тұлпарларының доңғалақтарын уақтылы ауыстыруға шақырады. Бұл шара жолдағы қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізбек.
Облыс орталығының жолдарын мұздан аршып, құм себу үшін қазір арнайы техника жұмыс істеуге шығарылды. Бүгінгі күні облыстық және республикалық маңыздағы жолдардың бойында “КазАвтоДор” ЖШС-нің 86 техникасы жұмылдырылған.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp