«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпті аумақ

Күндіз-түні пойыз қозғалысы бір толастамай­тын темір жолдың бойында құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмысы оқушылардың жазғы демалысы кезінде тіпті қиындай түседі.

Вокзал маңындағы алаңдар­да құқықтық тәртіпті сақтау бойынша алдын алу іс-шаралары жоспарға сай жүргізіледі. Ата-аналарға балаларын кешкі уақытта темір жол бойына жібермеу қажеттігін ескертеміз. Желілік полиция бөлімінің мамандары “Абайлаңыз – пойыз!” атты жедел алдын алу шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмыстарының алдын-алу және ескерту. Олардың түнгі мезгілде ересектердің бақылауынсыз жүруін азайтып, жазатайым оқиғалардың алдын алу. Темір жол маңында жолаушыларға жадынамалар таратылды.

Өкінішке қарай, белгіленбеген жерден әрлі-берлі өтушілердің саны көбеймесе, азайған жоқ. Яғни, көпшілік жеке бас қауіпсіздігіне аса көңіл бөлмейді. Мәселен, кезекшілікке шыққан патрульдік топ қызметкерлері темір жол аумағында белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы ұстады. “Өтуге рұқсат жоқ!” деген белгіні ескермеген жеткіншекпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Баланың анасына ескерту жасалды. Аталмыш факті бойынша әкімші­лік хаттама толтырылды.

Абзал РАХИЕВ,

Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, аға лейтенант.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp