Есіл ауданындағы Покровка селосының тұсында Есіл өзендегі су деңгейінің көтерілуі жалғасуда.
Бүгін сағат 12:00-дегі нақты көрсеткіш 788 см болған, ал 950 сантиметрден асса, әрі қарай қауіпті деңгей басталып, өзен арнасынан шығып кетуі мүмкін деп отыр мамандар.
Қызылжар ауданының Новоникольское селосының маңындағы гидрологиялық бекетте де өзен суы көтеріліп келе жатқаны байқалуда.