«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІП СЕЙІЛДІ

Облыстық әкімдікте өткен төтенше жағдайды жоюмен және су тасқыны кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын жедел штабтың отырысына қатысқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов тиісті ұйымдарға нақты міндеттер жүктеді.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің 2016 жылдың 8 сәуір күнгі мәліметі бойынша, облыста су басудың 7 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 4 тұрғын үй суда қалды. Адамдар мен малдар басқа жаққа көшірілген жоқ.

Қазіргі таңда Шал ақын ауданының Городецкое ауылындағы жағдай тұрақтанып келеді. 12 үй қар суы құрсауынан босап, тұрғындар өз баспаналарына оралды. Облыстың өзге де су басқан ауылдарында оның деңгейі төмендеуде. 13 жол учаскесін басқан су қайтты. Келлеровка мен Қиялы ауылдарында еріген қар суын сору үздіксіз жүргізілуде.

Отырыс барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов суы тартылған үйлерде материалдық шығынды бағалау жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол әр үйге жеке нақты баға берілуі керек, деді. Су тасқыны кезінде облыс бойынша 7 ауданның 13 елді мекенінде 315 тұрғын үйді еріген қар суы басқан. 15 елді мекенде тиісті жұмыстар атқарылып, 9 ауылда судың бағытын бұру мақсатында 20 километрден артық канал қазылды. Ұзындығы 34 метр болатын 11 учаскеде автомобиль жолдарының жабындысы ашылды. Суды бөгеу үшін құм салынған 3 мың қап қойылып, қауіпсіздік шаралары жасалды. 190 мың текше метр су шығарылды.

Су тасқынының алдын алу шаралары мен апаттық-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 1044 адамы жұмылдырылып, 265 техника тартылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp