«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ…

Өткен жылы Нұр-Сұлтандағы жер үйде өрт шығып, бір отба­сының бес кішкентай қызы қаза тапқан болатын. Өкінішке қарай, бұл жантүршігерлік оқиға өзгелерге сабақ болмаған секілді. Жыл сайын төтенше жағдайлар қызметінің мамандары әр үйдің есігін қағып, пеш жағу талаптарын түсіндіріп, жеке бас қауіпсіздігі ережелерін сақтану қажеттігін ескертумен әлек. Дегенмен, иіс тию немесе үй өртену салдарынан адамдардың қаза болуы әлі де толастар емес.

Апаттардың алдын алу шарала­ры қаншалықты жасалып жатқаны­мен, адамдардың немқұрайдылы­ғы­нан иіс тиген азаматтардың саны азай­май отыр. Мен бұған төтенше жағ­дайларда шұғыл медициналық жәр­дем беру мақсатында құрылған апаттар медицинасы орталығының өкілі ретінде талай рет көз жет­кіздім. Біз күнделікті жұмысымызда оқыс оқи­ғалар кезінде зардап шек­кен аза­маттарға шұғыл медици­налық және пси­хологиялық көмек көрсетеміз. Ор­та­лығымыздың ма­мандары өрт шық­қан кезде иіс тиіп уланған тұрғындар­ға бірінші болып қол ұшын береді. Атап айтар бол­сақ, былтыр он жер­лесіміз өрт оқи­ғасы кезінде жапа шек­кен болатын. Биыл бұл көрсеткіш 14-ке дейін жетті. Яғни, тұрғындар қа­уіпсіздік деген сөз мәселесіне қажет­ті деңгейде көңіл бөлмейді.
Түтіннен уланудың қауіпті екенін ес­тен шығармаған жөн. Көмірқыш­қыл газы тыныс алу жолдары арқы­лы ағзаға кіріп, қан тамырындағы ге­моглобиннің қозғалысын тежейді. Осы­лайша, әртүрлі органдардың от­те­гімен қамтамасыз етілуі на­шар­­лай­ды. Тіпті, ошақ басында оты­­рып та уланып қалуға болады. Өзіңіз те­мекі тартпасаңыз да, жа­ныңыздағы­лар­дың темекісінен шық­қан түтін ағ­заңыз үшін зиянды екенін ескеріңіз. Күн сайын ас да­йындау кезінде ағ­за­ға түсетін кө­мір­қышқыл газының кө­лемі де екі қорап темекі шеккенмен бір­дей екен. Пластик, поролон, ре­зеңке, бояу және лак жанған кезде бө­лі­нетін түтін адам ағзасы үшін тіпті қа­уіпті. Себебі, түтінмен бірге фосген мен диоксин қатерлі аурулардың туындауына себепкер болуы мүм­кін. Ал цианидтер күшті аллер­гиялық реак­циялар тудырады. Денеңіздің әл­сіреп, бастың ауруы, беттің қыза­рып, тамыр соғуының жиілеуі, ұй­қы­шылдық, бұлшық еттегі ауырсыну, құ­су және естен тану – түтінмен улану­дың негізгі белгілері. Бұл белгілер бірнеше сағаттан кейін пайда болуы мүмкін.
Зардап шеккен адамға алғашқы ме­дициналық көмек көрсете білген аб­зал. Есіңізде болсын, уанған адам­ды қауіпті жерден алып шығу ба­рысында бірінші кезекте өз қауіпсіз­ді­гіңізді де ойлағаныңыз жөн. Ең ал­дымен, “Жедел жәрдем” көлігін ша­қы­рып, жақын маңдағы емдеу меке­ме­сіне көмекке жүгіну қажет. Түтін­мен уланған адамды таза ауаға шы­ғарып, тыныс алуын қиындататын киім­дерді шешу ке­рек. Ағзадағы ток­синдердің шы­ғуын жеделдету үшін “Полисорб МП” немесе “белсенден­дірілген көмір” сияқты сорбент беру ке­рек. Бұл дәрілер ішек-қарын жол­да­рын тазалауға көмектеседі. Естен танған азаматқа спирт сіңірілген на­шатыр иіскету керек. Тыныс алу жол­­дарын құсықтан тазартуды ұмыт­­па­ңыз. Зардап шегушінің та­мы­рын ұс­тап, жүрек соғысының бар-жоғын тек­серген жөн. Жүрек соғысы сезілме­ген жағдайда кеу­деге массаж жасап, жасанды ты­ныс беру керек.

 

Рашид БИКЧЕНТАЕВ,
апаттар медицинасы орталығы облыстық филиалының фельдшері.  

Сурет: https://health.24tv.ua/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp