«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қашса да, құтылмады

Қарағанды облысының тұрғыны Тайынша ауданындағы Рощинское ауылы маңындағы тас жолдың бойында кешқұрым жол жиегімен кетіп бара жатқан 67 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп,

жәбірленушіге көмек көрсетпестен оқиға орнынан ізін суытқан. Ал жәбірленушіге көмек беру үшін басқа жүргізуші тоқтап, сол жерге полицейлерді шақыртқан. Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі қызметкерлері апат болған жердегі көлік сынықтары арқылы “Даймлер Крайслер” маркалы жүк көлігінің оқиғаға қатысы барын анықтады. Полицейлердің жедел іздестіруі нәтижесінде кінәлі жүргізуші көп кешікпей ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, автотехникалық және сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші міндетті түрде көлікті тоқтатып, апаттық жарығын жағып, жапа шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуі қажет. Оқиға орнына жедел жәрдем көмегін шақыруды да ұмытпаған жөн. Кінәлі тұлғаға жапа шеккендерді емханаға жеткізу мақсатында ғана оқиға орнынан кетуге рұқсат етіледі, оның өзінде ауруханаға мемлекеттік тіркеу белгісін және аты-жөнін қалдырып, қайта оралуы тиіс. Бұдан кейін жол-көлік апаты жайында құқық қорғау органдарына хабарлап, куәгерлердің аты-жөндерін, мекенжайларын жазып алып, полицейлердің келуін күтуі керек. Жыл басынан бері өңірімізде 69 жол апаты тіркеліп, 45 жүргізуші жауапкершіліктен жалтарып, оқиға орнынан тайып тұрған.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp