«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қашып құтыла алмады

Есіл ауданының екі тұрғыны бұл қылмыста өздерінің жолдары болатынына әбден сенімді болғанға ұқсайды, өйткені олар өздеріне ұнаған көлікті ұрлауға мұқият дайындалған екен. Қаскөйлер Петропавл қаласының Н.Назарбаев көшесіндегі бір үйдің ауласында тұрған «Toyota Land Cruiser» автокөлігін ұрлау ниеттерін жүзеге асырмақ болады. Түн ортасы ауа қаскөйлер өздерінің аккумуляторымен жол талғамайтын көлікті от алдырып, көзге түспей ауладан шығып кетеді. Көлік иесі темір тұлпарының жоғалғанын терезесінен байқаған кезде бірден «102» арнасына қоңырау шалады.

 Бағдар барлық бекеттер мен автопатрульдерге жіберілген. Полицейлер жол талғамайтын көліктің қозғалыс жолын анықтап, жолдарды, ормандар мен дала жолдарын бақылауға алған. Айдап әкеткен джипқа ұқсас көлікті Боголюбово ауылына апарар жолда байқаған. Жылдамдықты асырып өткен көліктің соңында сұр «Ауди» болған. Ары-бері шығып, кедергі жасаған «Ауди» жүргізушісі полицейлерді көлікке жақындатпауға тырысқан. Алайда, қаскөйлердің айласы жүзеге аспады. Соңына түсіп қуу нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған Есіл ауданындағы Покровка ауылының 1995 жылы туған тұрғынын «Toyota Land Cruiser» көлігінің ішінде ұстады. Іздестіру нәтижесінде полицейлер Новоникольск ауылының маңындағы орманда жасырылған сұр «Ауди» көлігін тауып алды. Бұрын сотталған оның жүргізуші Покровка ауылының 1986 жылы туған тұрғыны іздестірілуде. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp