«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАШЫҚТАН ҚОЛЖЕТІМДІ

Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға медициналық қызметтерге қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі барын ескертеді.

Қазір кейбір мамандардың ке­ңестері, телемедицина, сондай-ақ, рентген түсірілімін оқу, элек­тро­кар­диограммаларды декод­тау қашықтан қолжетімді. Бұрын созылмалы аурулары бар науқас­тарға қашықтан медициналық ке­ңес беру (учаскелік жалпы тәжіри­бе дәрігері, терапевт, педиатр) ди­намикалық бақылау кезінде қол­данылған. Бұлай қызмет көрсету­дің ерекшеліктері үстіміздегі жыл­дың шілде айында күшіне енген Халық денсаулығы және денсау­лық сақтау жүйесі туралы кодекс­те (129-бап) айқындалған.

Бүгінде медициналық ұйым­дар заманауи технологиялар мен әртүрлі байланыс құралдары ар­қылы науқастарға онлайн қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Алдағы уа­қытта қашықтан көрсетілетін қызметтер тізімі кеңейтілетін бо­лады. Бұл орайда дәрігердің он­лайн-кеңесін қалай алуға болады деген орынды сауал туындайды. Ол үшін емхананың Call-орталы­ғы немесе басқа байланыс құрал­дары мен мобильді қосымшалар ар­қылы дәрігердің кеңесіне жазы­лу (бар болса) қажет. Содан кейін ке­ңес алу күні мен уақытын таң­да­ған жөн. Маманның қабыл­да­уы­на жазылу үшін алдымен учас­ке­лік дәрігерден жолдама алу ке­рек. Белгіленген уақытта маман қоңырау (аудио немесе бейне) шалады.

Мамандардың айтуынша, дә­рі­гер­ден кеңес алу үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Науқас қай жерде болса да, мұндай қызмет қолжетімді. Бұл жағдайда дәрігер дәрі-дәрмектерге нұсқау жаза ала­ды. Аурухана парақтарын, зерттеу қорытындысын да көруге болады. Сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар “Qoldau 24/7” мобильді қосымшасы арқы­лы қордың көмегіне жүгіне алады.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp