«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАШЫҚТЫҚТАН ӘН АЙТТЫ

Өңірімізде М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дің «Музыкалық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен қашықтан «Latyn-karaoke – 2020» облыстық ән байқауы өтті. Латын әліпбиіне көшу бағдарламасының ережелерін жүзеге асыру аясында өткен байқауға облыстағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы 15-25 жас аралығындағы эстетикалық бағыттағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары, колледж, жоғары оқу орнының студенттері және мәдениет саласындың қызметкерлері қатысты.

Байқауға қатысуға ниет білдірген 23 әншіге қазылар алқысы түрлі жанрдағы субтитрі латын әліпбиімен жазылған әндерді ұсынды. Олар бұл туындыларды әнінен де, сөзінен де жаңылмай, таза орындауы тиіс болды. Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдеге «Музыкалық пәндер» кафедрасының 4-курс студенті Ілияс Қадырбай лайық деп танылса, I, II, III орындар Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат студенті Дария Рамазановаға, Нұр-Сұлтан қаласынан қатысқан мектеп оқушысы Гүлназ Таржановаға «Музыкалық пәндер» кафедрасының студенттері Нұралтын Нұрболатоваға, Бүркіт Жанайға, Айгерім Жақсылыққызына, Динара Сұрагановаға, Данияр Құстановқа, Дидар Жолдасбековке бұйырды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp