«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАШҚЫН ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Жақында Петропавлдың Тельман және Батыр Баян көшелерінің қиылысында 56 жастағы әйелді көлік соғып кеткен. Жүргізуші жарақат алған әйелді үйіне жеткізіп тастап, тайып отырыпты. Ал содан кейін зардап шегушінің жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен.

Жедел із кесудің нәтижесінде оны соғып, жасырынған 33 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты.

Жыл басынан бері жаяу жүргіншілерді соғып кетудің 34 фактісі тіркеліп, айыпты болған 31 жүргізуші қолға түсті

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp