Қала көшелеріндегі құдықтардың қақпақтар жиі ұрланады. “Jas Otan” жастар қанатының белсенділері “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен бірлесіп, ашық жатқан құдықтарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды қолға алды. Белсенділер бір күннің ішінде 68 құдықты тексеріп шықты. Үш құдықтың тиісінше жабылмағаны, бесеуінің қақпағы мүлдем жоқ екені анықталды. Ендігі міндет – осындай кемшіліктерді жою, яғни жаңа қақпақтар орнату.
Бұған қоса қаланың шеткері аумақтарында газдың таралуына жол бермеу үшін мониторинг жүргізілді. Рейд қорытындысы туралы ақпарат тиісті қызметтерге жіберіледі. Белсенді жастар кейін кемшіліктердің түзетілген-түзетілмегенін тексермек.
Осындай кемшіліктерді байқаған адам “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесіне, “Jas Otan” жастар қанаты облыстық филиалына немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларға хабарлауларына болады.
Жанна БИСЕНОВА,
“Jas Otan” жастар қанаты филиалының белсендісі.