Қаңтарда облыстағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің көлемі бір адамға шаққанда орта есеппен 17520 теңгені құрады, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары.
Оның құрылымындағы азық-түліктің құны – 10513 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7007 теңгені құрады. Сатып алу үшін жұмсалған шығын үлесі ет және балыққа – 22,0 пайыздан, сүт, май-тоңмай өнімдері мен жұмыртқаға – 15,8, жемістер мен көкөністерге – 11,2, нан және жарма өнімдеріне – 8,7, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,3 пайыздан келеді.
Осы деңгей көлемі тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 13844 теңге, 14-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін (ер балалар) – 22163 теңге және қыздар – 16983 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар үшін (ер адамдар) – 20911 теңге және әйелдер – 16609 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 16411 теңгені құрады.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің көлемі – 17623 теңге, Петропавл қаласы бойынша17338 теңге болды.
Облыстық статистика департаменті.