«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҢТАРДЫҢ 15-де ҰБТ БАСТАЛАДЫ

Елімізде  15-20 қаңтар аралығында ақылы негізде ҰБТ-ның алғашқы кезеңі өткізіледі.

Биылдан бастап Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет — қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілетін болады. Тестілеуге қатысып, шекті балл жинаған оқушы ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қаңтарда қатысқандар маусым айында өтетін негізгі ҰБТ-ға және мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады.

2019 жылғы ҰБТ форматы  өзгеріссіз қалады. Түлектер  дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/289311-aza-standa-bt-15-20-a-tar-araly-ynda-a-yly-negizde-tkiziledi

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp