Елімізде 15-20 қаңтар аралығында ақылы негізде ҰБТ-ның алғашқы кезеңі өткізіледі.
Биылдан бастап Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет — қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілетін болады. Тестілеуге қатысып, шекті балл жинаған оқушы ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қаңтарда қатысқандар маусым айында өтетін негізгі ҰБТ-ға және мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады.
2019 жылғы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Түлектер дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.