Аязды күндері петропавлдық полицейлер 20-ға тарта қаңғыбасты түнгі түнеу орнына жеткізеді.
Жұмысшы кентінде орналасқан бұл мекеме 50 адамға шақталған. Бұл жерде медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ, «Қызыл Ай» қоғамының филиалы және басқа да ерікті ұйымдардың ұйымдастыруымен ыстық тамақ, жылы киім таратылады.
Түнеу пунктінен басқа қаңғыбастар қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына жеткізіледі. Мұнда олар криминалистикалық, жедел-анықтамалық және басқа тіркеуге алынады, осылайша өткен жылы 69 қылмыс ашылыпты. 2019 жылдың басынан қабылдап-тарату орнына 188 адам жеткізілген.