Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада бір топ әйелдер қауымымен кездесті.
Кездесуге көпбалалы аналар, кәсіпкер әйелдер, танымал әртістер, ақын, құқық қорғаушы қыз-келіншектер қатысты. Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға көмек беру мәселесін қозғады. “Мемлекет көпбалалы отбасының жағдайын жақсарту шараларын қабылдап жатыр. Өткенде “Нұр Отанның” сьезінде менің айтқан бағдарламамды бәріңіз білесіздер. Оның бәрі жылдың ортасында басталады деп айтқанмен, әсіресе, көмекке мұқтаж аналар мен балаларға келесі айдан бересіңдер деп, кеше тапсырма бердім. Көмек пен қамқорлық әрдайым еселеніп, арта береді. Бірақ қазіргі нарық заманында қол жайып, “бәрін үкімет береді” деп, отыра беруге болмайды. Әрине, қиын жағдайда үкімет көмектеседі. Бірақ үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет – жұмыс беру. Ең болмаса, отбасының бір мүшесі жұмыс істеуі керек”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
https://www.inform.kz/kz/prezident-ukimet-kiyn-zhagdayda-gana-komektesedi_a3505249