«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚИЫРШЫҚТАСҚА ИЕ ТАБЫЛЫПТЫ

Газетіміздің 2015 жылғы 27 қазан күнгі санында “Аспаннан жауған тас па?..” деген тақырыппен (авторы – Қошан Қали) сын материал жарияланған болатын. Жамбыл ауданындағы жол жайын сөз еткен осы мақалаға Солтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Мұхамедиевтен төмендегідей жауап алдық:

“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен бекітілген нормативтер бойынша бір шақырым автомобиль жолын ағымдағы жөндеуден өткізу және күтіп ұстау үшін 1 миллион 384 мың теңге қаржы қарастырылуы керек. Жамбыл ауданы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзақтығы 612 шақырымды құрайды. Оны толық жөндеп, күтіп ұстауға 847 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалуға тиіс. Үстіміздегі жылы осы мақсатқа 50 миллион теңге шамасында қаржы бөлінді. Осыған байланысты жұмыс толық көлемде атқарылмады. Соған қарамастан, Жамбыл ауданында жыл сайын жолдарға күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Чапаевка ауылының маңында үйіліп жатқан қиыршықтас мәселесіне келсек, “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша 2014-2015 жылдарға арналған жоспарға сәйкес Петропавл – Бауман бағытындағы 36 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйым инертті материалды дайындаған болатын. Алайда, 2014 жылы 27,6 шақырымға ғана қаражат бөлінді. Сол себепті құрылыс материалы толық көлемінде пайдаланылмай қалды. Кейін осы жолды жөндеуді жалғастыру үшін 8 шақырымға қаржы бөлінді. Сөйтіп, “Перспектива” ЖШС-і үйіліп жатқан қиыршықтасты іске жаратты.

Сәбит ауылына баратын жолға жөндеу жүргізу мәселесіне келетін болсақ, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 2016 жылы тиісті қаражат бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстары қолға алынатын болады”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp