«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚИЯЛ ҚАНАТЫНДА

Облыстық бейнелеу өнері музейінде ашылған көрме «Young Dreamers» («Арман­шыл жастар») деп аталды. Бұл көрмеге Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 оқушысы өз туындыларын ұсынды. Цифр­лық форматта жасалған 28 картинада жас суретшілердің қиялы мен технологияға деген қызығушылығы тоғысқан.

Көрменің ерекшелігі – за­манауи технологиялар мен жасанды интеллект құралда­рының қолданылуы. Жақсы­лық жасауды, игілікті наси­хаттап жүрген бір блогердің бейнежазбасынан ерекше әсер алдым. Сол сәттен бас­тап оның бейнесі арқылы адамдарға әсер ету идеясын суретпен жеткізгім келді», – дейді оқушылардың бірі Али­на Қадырова.

Көрме оқушылардың шы­ғармашылық қабілеттерін ғана емес, цифрлық өнерге деген ынтасын да танытады. Олардың салған суреттерінің шағын көшірмелерін сатып алғандар аз болмады.

Жансая ДЕРБИСОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp