Облыстық бейнелеу өнері музейінде ашылған көрме «Young Dreamers» («Арманшыл жастар») деп аталды. Бұл көрмеге Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 оқушысы өз туындыларын ұсынды. Цифрлық форматта жасалған 28 картинада жас суретшілердің қиялы мен технологияға деген қызығушылығы тоғысқан.
Көрменің ерекшелігі – заманауи технологиялар мен жасанды интеллект құралдарының қолданылуы. Жақсылық жасауды, игілікті насихаттап жүрген бір блогердің бейнежазбасынан ерекше әсер алдым. Сол сәттен бастап оның бейнесі арқылы адамдарға әсер ету идеясын суретпен жеткізгім келді», – дейді оқушылардың бірі Алина Қадырова.
Көрме оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ғана емес, цифрлық өнерге деген ынтасын да танытады. Олардың салған суреттерінің шағын көшірмелерін сатып алғандар аз болмады.
Жансая ДЕРБИСОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.