«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЖАДАЙ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Мен жазғы демалыста Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі мен Джонатан Свифттің “Гулливердің саяхаты” атты кітабын оқыдым. Қос автордың жазған шығармалары маған ұнады. “Менің атым Қожа” оқиғасы көпшілігімізге бала күнімізден таныс. Оның киносы да бар. Өзімді кей-кейде Қожаға теңеймін. Себебі, оның бойындағы кейбір қасиеттердің өзімнің бойымда барын анық аңғарамын. Бірақ, қылықтарым достарыма зиянын тигізбейді. Оларды ренжітпеуге тырысамын.

Ал оқуыма келгенде Қожадай болғым келеді. Оның оқу үлгерімі нашар болғанымен, Қожа зерек, пікірін ашық айта алады. Әрі өзіне сенімді. Кей-кейде: “Қожа ағылшын жазушысының әңгімесінің кейіпкері болса, не істер еді?” деп те ойлаймын. Қожаға Гулливердің өзінен биік немесе ергежейлердің елінде өткен хикаялары қызықты болатын шығар. Себебі, Қожа қандай да бір қиын жағдайдан орайын тауып өтіп кетеді. Гулливердің әлемі маған да қызықты. Шынымен де, өмірде сондай адамдар болса, жағдайлары қандай болар еді? Олардың өздерінің басшылары, қалалары, мемлекеті болуы мүмкін ғой. Гулливердің әлемі кім-кімді болсын еліктіріп әкетері сөзсіз.  

Мүслім ЫСҚАҚОВ,

С.Шаймерденов атындағы

қалалық классикалық

гимназияның 7-сынып оқушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp