«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЙ ҰРЛАҒЫШ ҮШЕУ

Облыс полицейлері “Мал ұры­сы” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жұмыстар жүргізуде. Криминалдық полиция мал ұрлығы­ның алдын алу және ұрлықты ашу­ға бағытталған жұмысты жандан­дыра түсті.
 

Операцияның екі күні ішінде бес қылмыс ашылды, оның төр­теуі өткен жылдар санатына жа­тады. Осы фактілер бойынша се­гіз адам ұсталды. “Мал ұрысы”, “Мал союшы”, “Ұрланған малды сатып алушы/өткізуші” санаттары бойынша 27 адам криминалдық есепке қойылды.
Атап айтқанда, Мамлют ауда­ны­ның Бостандық ауылында мал ұрлығын жасаған күдіктілер ұсталды. Былтырғы жыл­дың тамыз айында белгісіз қас­көйлер екі қорадан жеті қой ұрла­ған. Криминалдық полиция бас­қар­масының қызметкерлері ау­дан­дық полиция бөліміндегі әріп­тестерімен бірлесіп жүргізген же­дел жұмыстардың аясында Қызылжар ауданының 1996, 1997 жылдары туған екі тұрғыны және 23 жасар петропавлдық ұсталды. Тәртіп сақшылары олардың осыған ұқсас басқа да қыл­мыстарға қатысы барын тек­серуде.  
– Көп жағдайда бағылмайтын мал ұрланады. Мұндай жағдай қыс­та да орын алып жатады, – дейді криминалдық полиция бас­қармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов. – Малды қараусыз қалдыруға болмайды. Қа­уіпсіздік шараларының сақтал­мауына байланысты ұрылар қо­ра­ларға еш кедергісіз түседі. Сон­дықтан адамдар сақтық шара­ларын күшейтіп, аула күзететін ит ұстаулары қажет. Ірі шаруашы­лықтар дабыл беру құралдарын орнатулары тиіс.
Ұрланған малдың етін сатып алу және өткізу фактілерінің ал­дын алу үшін полицейлер облыс жол­дарында ет өнім­дерін тасымалдайтын 123 авто­ма­шинаны тексерді. Сондай-ақ, базарлар, дүкендер, мал соятын орындар да бақылауға алынды. Екі күннің ішінде 66 орын тексе­ріліп, 15 құқық бұзушылық анық­талды.
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp