«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛА АЛҚА ДА ҚАЖЕТ СИЯҚТЫ…

“Ақ ниет Петропавл” қоғамдық бірлестігі қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. “Дөңгелек үстел” басындағы дидарласуда Отанды сүю, отбасы құндылықтарын сақтау сияқты маңызды тақырыптар талқыға түсіп, әртүрлі ой-пікірлер ойлар айтылды.

Басқосуды жүргізген “Ақ ниет Петропавл” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Оразова дерек көздеріне сүйене отыра, еліміздегі, оның ішінде облысымыздағы демографиялық жағдайдың ахуалына тоқталды. “Бүгін біз қаншамыз?”, “Жас отбасылар және олардың мәселесі”, “Ауыл жағдайы қандай?” деген сұрақтарға статистикаға сүйене отыра, нақты жауап айтып, өзінің ойын ортаға салды.  

Жиынға келгендер әр мәселе бойынша жан-жақты пікір айтып, ұсыныстарын білдірді. Әңгіме барысында ауылды жерлерде бала туу санының көрсеткіші көңілден шықпай тұрғандығы да сөз болды. Осы ретте демографияның жағдайын жақсарту үшін “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алған алтын құрсақ аналардың қатарына төрт бала туғандарды да қосып, оларға қола алқа берілсе, нұр үстіне нұр болар еді деген ой да айтылды.  

 

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp