Бокстан Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында солтүстікқазақстандық Наталья Богданова қола жүлдегер атанды.
2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында да ол қола медаль алған болатын. Былтыр Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Спортшы бокспен 7 сыныптан бастап шұғылданып келеді. Бүгінде «Барыс» спорт клубында жаттығып жүр. Бапкері – Дастан Қабденов.
Бұл әлем чемпионатында Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа енді. Бұған дейін ерлер арасында да ешкім мұндай жетістікке жеткен емес.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».