«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕСІН ТАПТЫ

Қазақстандық жеңілатлетші Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден ресми түрде 2008 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері деп танылды. Грек спортшысы Хризопия Деветцидің сол ойындар кезінде допинг қолданғаны дәлелденгеннен кейін осындай шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, 2008 жылы О.Рыпакова төртінші орын алған еді. Бірақ кейін қола жүлдегер Хризопия Деветцидің тыйым салынған препараттарды пайдаланғаны белгілі болды. Оның сынамасы қайта тексеруден өткізілгенде оң нәтиже беріп, спортшы медалінен айрылды.

Сонымен Ольга Рыпакова үш мәрте Олимпиада жүлдесін еншілеген алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр.

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 85 килограмм салмақта өнер көрсетіп, төртінші орынға табан тіреген қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов та халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми шешімімен ойындардың қола жүлдегері атанды. Бұл сол аламанда үшінші болған румыниялық Габриэл Синкраянның допинг сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін белгілі болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp