«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІГІ

Даму – Оптима” – “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының мақсатты тобына кірмейтіндерге арналған жаңа жоба. Яғни, сауда-саттық, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары сияқты салаларды дамытуға мүмкіндік береді. “Даму – Оптима” бағдарламасының бір артықшылығы – банк алдында кепілзаты жоқ кәсіпкерлер “Даму” қорының кепілдік беруі арқылы несие ала алады.

Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін де несие қарастырылған. Кепілдеме мөлшері несие сомасының 50 пайызынан аспауы керек. Нақтырақ айтар болсақ, 60 миллион теңге несиеге қол жеткізу үшін 36 айға дейінгі мерзімге кепілдік беріледі. Ал 180 миллион теңгеге дейінгі инвестициялық қаржы үшін 60 айға дейін кепілдік жасалады.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін “Даму” қоры екінші деңгейдегі “АзияКредитБанк”, “Еуразиялық банк” және “БанкЦентрКредит” сияқты қаржы ұйымдарымен келісімшарт жасады. Анықтама алу үшін “Даму” қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының облыстық филиалына 8 (7152) 55-98-10 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

Даму” қорының облыстық филиалының менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp