«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолдау тапты

“Бизнестің жол қартасы – 2020” бағдарламасы аясында мемлекеттік грант беру жөніндегі байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Үстіміздегі жылдың 20 маусымнан басталған шараға облыстан 46 үміткер өтініш білдірген екен. Солар ұсынған 7 бизнес-жобаға мемлекеттің қайтарымсыз қаржысы берілді.

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының тұрғыны Марат Әбішевтің де бизнес-идеясы үздік танылып, кәсіпкер 3 миллион теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді.

Марат Кеженұлы – ұлттық бұйымдар жасап, қолөнердің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жан. Оның қолынан шыққан киіз үй, әбдіре, бесік, астау, өрнектелген есіктер, тағы басқа бұйымдар тұтынушылар сұранысына ие. Шебер бұрын осылардың бәрін үй жағдайында жасап келсе, енді грант қаржысына шеберхана ашып, қасына көмекші алуға мүмкіндік туып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp