«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолжетімді болмақ

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Халыққа қызмет көрсету орталығының барлығында “Сурдо онлайн” сервисі іске қосылды. Енді құлағында мүкісі бар адамдар үшін “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясында көрсетілетін 500-ден астам қызмет түрі қолжетімді болмақ. Петропавл қалалық №1 бөлімі ғимаратының бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналып жеке терезе ашылған. Сервис аптасына жеті күн, тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді.

Халықққа қызмет көрсету орталығында дайын болған құжаттарды “Қазпочта” АҚ-ы облыстық филиалының қызметкерлері арқылы үйге жеткізіп беру сервисі де қолға алынды. Бұл жеңілдікке қол жеткізу үшін клиент орталыққа келіп, өтініш жазып, 500 теңге төлем жасаса болғаны. Дайын құжаттарды үйге жеткізіп беру қызметіне де төлем жасалады. Аталмыш сервис, әсіресе, жұмысбасты азаматтар үшін тиімді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp