«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛЫ АШЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер “Туған жер” бағдарламасына белсенді қатысып, өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуда.

“Рухани жаңғыру” өңірлік-жобалау кеңсесінің жетекшісі Жанар Таласпаеваның айтуынша, екі жүзге жуық жергілікті кәсіпкер “Туған жер” бағдарламасы аясында кіндік қаны тамған туған жерге деген құрметін сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Жергілікті бизнес өкілдерінің қатысуымен 2,6 млрд теңгенің 224 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылған. Нәтижесінде елді мекендерде жаңа спорттық-сауықтыру кешендері тұрғызылып, аулалар абаттандырылды, саябақтар мен балалардың ойын алаңдары көбейді.

Сондай-ақ, меценаттардың қаражаты есебінен 19 мектепте, 12 мәдени орталықта, 3 спорт залында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа үш спорт алаңы мен мәдени орталық пайдалануға берілді. Биыл бағдарлама аясында 944,3 млн. теңгенің 80 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp