«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОМАҚТЫ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Петропавл қаласының полицейлері жыл басынан бері ең қомақты есірткіні тәркілегенін хабарлады. Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері осында келген Жамбыл облысының бір тұрғынынан 102 килограмм марихуана алды. Жедел шаралар барысында анықталғанындай, оңтүстік аймақтың 48 жастағы тұрғыны есірткілерді қорапшаларға жақсылап орап, Петропавлға жүк тасымалы қызметі арқылы жөнелткен. Тауарын жіберген соң өзі оның соңынан облысқа поезбен келіп, сатып алушылардан төлемін алмақ ойы болған.

Алайда, оның ойлағаны болмады. “Есірткі заттарын сақтағаны және тасымалдаған фактісі бойынша күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол Петропавл қаласы ІІБ-ның уақытша ұстау оқшаулағышында отыр, 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін”, – дейді СҚО ІІД-нің Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма бастығы, полиция майоры Мұрат Баукенов.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp