«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ” ТАНЫТТЫ

Футболдан ел біріншілігінің 16-шы турында жергілікті “Qyzyljar” өз алаңында оралдық “Ақжайық” клубын қа­былдады. Тартысқа толы кездесу қонақтардың пайдасына шешілді.

Ойынның бірінші бөлігінде қы­зылжарлықтар қауіпті ша­буыл­­дар­ ұйымдастырды. Алай­да орал­дық қорғаушылар есеп ашу­ға мүмкіндік бермеді. Екінші таймда жерлестеріміз белсен­ді­ліктерін бәсеңдетпей, қарсылас қақпашысын біраз әбігерге сал­ды. “Ақжайық” ойыншылары да қа­рап қалмай, қарсы шабуылға көшіп, ойынның 50-ші минутында Иван Антипов нысананы дәл көз­деді. 0:1 есебі матч соңына дейін өзгеріссіз қалды.

“Qyzyljar” клубы турнир кесте­сінде бір сатыға төмендеп, 6-орынға жайғасса, “Ақжайық” 4-ші орынға тұрақтады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp