«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ҮЛГІСІ

Орталық коммуникациялар қызметі облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында биыл тұңғыш рет ұйымдастырылатын “Қызылжар дәмі” гастрономиялық фестиваліне дайындық жайлы айтылды.

Петропавл қаласының мейрамханалары мен дәмханаларында ақпанның 28-іне дейін тағамның 3-7 түрі бойынша ас мәзірі ұсынылады. Ұйымдастырушылар оның құнын 3999 теңгеге бағалап отыр. Аталмыш фестивальді өңіріміздің 21 мейрамханасы қолдап, қатысуға тілек білдірген. Шарада ұлттық тағамдарға баса назар аударылады.

Солтүстік Қазақстан облысы рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының өкілі Сайран Хамзиннің айтуынша, алдағы уақытта қазақ халқының қонақжайлығын дәріптеп, ұлттық тағамдарын дайындау бойынша конкурстар ұйымдастырылмақ.

 Алина НҰРТАЗИНА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp