«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОНАҚҮЙЛЕР КӨБЕЙЕДІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында бой көтеретін және қайта жаңартылып жатқан қонақүйлерді аралап, олардағы жұмыс барысымен танысты.

Облыс орталығындағы ең ірі “Қызылжар” қонақүйінде ауқымды жұмыс атқарылуда. Оның бірінші қабаты толығымен жаңартылып, жаңа мейрамхана, фитнес-орталық, сауна жабдықталады. 230 нөмірлі қонақүйдің әр бөлмесіне жөндеу жүргізіліп, есік-терезе, лифттері ауыстырылмақ. Облыс әкімі Ерік Сұлтановты нысандағы жұмыс барысымен таныстырған қонақүйдің директоры Нұрахмет Шөкенов ондағы жұмысты қараша айына дейін аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтты.  

К.Сүтішев және М.Горький көшелерінің қиылысында төрт жұлдызды “Hampton by Hilton” қонақүйі салына бастады. Жетіқабатты қонақүйде 120 нөмір, фитнес пен мәжіліс залы, бассейн мен мейрамхана қарастырылған. Инвестор Дмитрий Кошелев облыс әкіміне құрылыс барысы туралы әңгімелеп берді. Мұнда әзірге топырақ үйінділері шығарылып, іргетас орны нығайтылып, алғашқы дайындық жұмыстары жүргізілуде.

40 нөмірге шақталған тағы бір қонақүйді қараша айында тапсыру көзделген. “Арнау Құрылыс” ЖШС директорының орынбасары Дәурен Қасымғожиннің айтуынша, онда қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

“Restoration” ЖШС-нің М.Әуезов көшесінде салып жатқан қонақүйінің үш қабатының 2,5 мың шаршы метріне мейрамхана және төрт қабатына қонақ бөлмелерін орналастыру көзделген.

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов Брусиловский көшесіндегі құрылыс алаңына да барды. Бұл жерде тоғызқабатты қонақүй тұрғызылуда. “Егоровские склады” ЖШС қаржыландырып отырған бұл нысанда да жатын нөмірлермен қатар, мейрамхана, фитнес-зал, спа-салон, паркинг, қысқы бақ болады. Аталмыш мейрамхана келесі жылы пайдалануға берілмек.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp