Үстіміздегі жылдың соңғы 10 айдың ішінде тұрғын үй құрылысына 10 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылысқа бөлінген қаржы мөлшері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,1 пайызға тең. Биылғы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалпы аумағы 84 482 шаршы метрді құрайтын 682 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үйдің 68 пайызы халықтың қаржысы есебінен салынды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің қаржысы есебінен жалпы аумағы 6 674 шаршы метрді құрайтын 75 пәтер, “Нұрлы жол” инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы аумағы 19 599 шаршы метрді құрайтын 220 пәтер пайдалануға берілді.