Облыс орталығында биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Соның нәтижесінде Петропавлда 1003 отбасы жаңа баспанаға ие болады. Соңғы екі жылда 955 пәтер пайдалануға берілген екен. Ал бүгінгі күні 13 мыңнан астам отбасы тұрғын үйге зәру.