«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРДА ҚАРЖЫ ҚОМАҚТЫ

 

Міндетті медициналық сақтандыру қорына қыркүйек айында 9 миллиард теңгеден астам жарна түсті. 

Біздің өңірде жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 24370 адамға бес миллион теңгеден астам жарна аударды. Сондай-ақ, облыстағы бес мыңнан астам тұрғын бірыңғай жиынтық төлем төлейді. Бұл медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және медициналық қызметтің барлық көлемін алуға мүмкіндік береді. 

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 214,4 млрд. теңгені құрады. Соның 205,5 млрд. теңгесі (шамамен 95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд. теңге (4,1% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 

Сурет http://zakonibiznes.ru сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp