«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА – ТӨРТ АЛТЫН

Петропавл қаласындағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафинді еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Жарыста еліміздің сегіз өңірінен келген 90-нан астам спортшы бақ сынады. Бес күнге созылған спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша Асылбек Тастүлек (46 кг., СҚО), Рысхан Тәліп (49 кг., Шымкент қ.), Дарын Құлжабаев (52 кг., Алматы обл.), Сағдат Нұрғали (56 кг., СҚО), Ділшәтбек Тайыржанов (60 кг., СҚО), Джозеф Окаро (75 кг., СҚО), Абзал Құлжан (91 кг., Ақтау қ.) және Озот Ирисметов (91+., Шымкент қ.) жеңістің бірінші сатысына көтеріліп, алтыннан алқа тағынды.

Осымен жиырма үшінші рет өткізілген сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен, медальмен және естелік сыйлықпен марапатталды.

 Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp