Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Белоруссияның Минск қаласында өткен Олег Караваев турнирінде төрт медаль жеңіп алды.
Соңғы жарыс күнінде солтүстікқазақстандық балуан Данияр Каленов жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 67 килограмм салмақта үздіктер қатарына еніп, қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов (63 кг), Мейіржан Шермаханбет (72 кг) және Ерұлан Ысқақов (97 кг) турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.