«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЖЫНДА — ҚОС АЛТЫН

Солтүстікқазақстандық каратэшілер Ресейдің Барнаул қаласында өткен Еуразия кубогінен екі алтын медальмен оралды.

 

Сайыстың бірінші күні Екатерина Серяцкая жеңіске жетіп, алтыннан алқа тағынды. Ал күміс медальді Григория Григораша мен Евгения Стучкова иеленді. Төрт қола медаль Станислав Фатеевке, Артем Евдокимовқа, Артем Сайдлерге және Сұлтан Жетпісовке бұйырды. Жарыстың екінші күнінде Денис Бухановский жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Тағы бір жерлесіміз Алексей Бойко қола медальді еншіледі.

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы екі жыл қатарынан жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp