Кекушинкай-каратэ спортының өкілдері Еуразия кубогіне қатысып, екі алтын медаль жеңіп алды. Түрлі жас және салмақ дәрежесінде ұйымдастырылған жарыс Ресейдің Барнаул қаласында өтті және ол екі күнге жалғасты. Бірінші күні 17 спортшы өнер көрсеткен. Алтын медальді Екатерина Серяцкая жеңіп алды. Ал күміс медальды Григория Григораша мен Евгения Стучкова иеленді. Төрт қола Станислав Фатеев, Артем Евдокимов, Артем Сайдлер мен Сұлтан Жетпісовке бұйырды.
Жарыстың екінші күнінде Денис Бухановский алтын, Алексей Бойко қола медальді еншіледі. Барлығы осы күні 7 жекпе-жек шебері бақ сынаған болатын. Жалпыкомандалық есепте екі жыл қатарынан Қазақстан командасы бірінші орын алды, 2-ші орынды ресейліктер, үшінші орынды ирандықтар иеленді.