
Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған 146 спортшы 134 медаль жеңіп алды. Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Жалпыкомандалық есепте Ресей мен Грузияны артқа тастап бірінші орынға шықты.
Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы бәсекеде де қазақстандық қол күрес шеберлері қарсыластарына дес бермеді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында еліміз 8 алтын, 7 күміс, 11 қола жүлдені жеңіп алды. Ал, ардагерлер арасында отандастарымыз 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың шешуші кезеңі ересектер арасында өтті. Спортшыларымыз ел қоржынына 8 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль салып, ерлер құрамасы бірінші орыннан көрінді. Әлем чемпионатының жалпы қорытындысы бойынша ел құрамасы 51 алтын, 40 күміс, 43 қола жүлдемен дүбірлі додада екінші орынға табан тіреді. Бірніші орынды Ресей Федерациясы иеленсе, үздік үштікті Грузия спортшылары қорытындылады.